Ауған жерінен солдаттардың шыққандығына 30жыл болуына орай И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім бері мектеп-гимназиясының мектепішілік іс-шаралар бойынша ақпараты
Ауған жерінен солдаттардың шыққандығына 30 жыл болуына орай И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім бері мектеп-гимназиясында мектепішілік іс-шаралар жоспарланып отыр. Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында «Ауған солдаттарын еске алу» атты жалпы мектепішілік линейка өткізілді. Сонымен қатар «Ауған соғысы– менің ауыр естелігім» атты сынып сағаттары өтті. Ол сынып сағатына өзіміздің әріптесіміз ауған соғысына қатысқан Косинов Юрий Викторович болды. Ол кісінің өз ауызынан сол кездегі оқиғаның елестерін естіп, көп мәліметтерге қанық болды. Юрий Викторович өзінің ойымен бөлісе отырып, мынадай пікірін айтып өтті: «10 жылға созылған Ауған жеріндегі жан түршігерлік оқиғаны біздің әр қайсымыздың жанымызда сақталған! Сол естеліктердің барлығы өзіміздің біртұтастығымызға, бауырмалдыққа әкелді» деп атап өтті өз сөзін аяқтай келе.осындай іс-шара біздің мектепте жыл сайын жоспарланып, өткізіліп тұрады. Оқушыларымыз осы тақырып төңірегінде көптеген өлең, шығармалар жазады. Енді болашақта осындай оқиғалар қайталанбас үшін, болашақ ұрпаққа соны түсіндіру және осы бақытты елді сақтап, гүлдендіру біздің қолымызда екендігі айту біздщің міндетіміз болып табылады.