И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясындағы Наурыз мерекесі қарсаныңда өткізіліп жатқан «Армысың әз-Наурыз!» атты фестиваль бойынша ақпарат
Шұғылалы көктемнің шуақты мейрамы, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі жылдағы дәстүр бойынша мектебіміздің қабырғасында өз жалғасын тапты. Наурыздың 19-ы күні орта және жоғары буын оқушыларының қатысуымен «Ұлттық асхана» фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік шараның шымылдығын мектеп оқушыларының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама ашты. Ұлыстың Ұлы күніне орай өткен мерекелік концертте әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін ортаға салды. Концерттен соң әр сынып дайындаған түрлі ұлттың ұлттық асханасын әділ бағалау үшін ұстаздар қауымынан құралған әділ қазылар алқасы өз бағасын берді. Наурызға демеушілік жасап, қолдау білдірген ауданымыздың жеке кәсіпкерлері: Н.Тышкевич, О.Сычева, Л.Стасенко, С.Мусабаева, М.Ермилова, Р.Досманова, И.Кальченко. Мерекелік іс-шараның қорытындысы ретінде әртүрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болған сыныптар марапатталды. Мәселен, «Ұлттық киім дизайнының көрсетілімі», «Армысың әз-Наурыз» қабырға газетін безендіру, «Ұлттық асхана» фестивалі аталымдары бойынша әділқазылар өз шешімдерін шығарып, әр сынып әр аталымдар бойынша сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар мектебіміздің оқушылары «Қайырымдылық – қайырымды іс» күніне орай мектеп оқушылары жалғызбасты, көпбалалы қарияларға өз тараптарынан шамаларына қарай суларын тасып, қар тазалап деген сияқты тұрмыстық жағынан көмек көрсете білді. Осы мереке қарсаңында қазақтың «Жетім көрсең, жебей жүр» деген асыл сөздерінің желісімен мектеп ішіндегі жетім балаларға шама-шарқына қарай көмек көрсеткен демеушілердің көмегімен шағын сыйлықтар берілді. Осы мереке қарсаңында өткізілген сан түрлі іс-шаралар, сонымен қатар аталмыш фестивальдан оқушылар үлкен тәрбиелік мәні бар жақсы әсер алды деген ойдамыз. Осындай мерекелердің тәрбиелік маңызы зор деп білеміз және өз жалғасын табуда.