И.П.Шухов атындағы Преснов ЖОББ мектеп-гимназиясында өткізілген Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған іс-шара бойынша ақпарат
И.П.Шухов атындағы Преснов орта жалпы білім беру мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы 1-мамыр бірлік-ынтымақ күніне арналған «Көп ұлтты Қазақстан - татулық мекені» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Мерекелік іс-шараны сынып жетекшілігі А.И.Моисиенконың жетекшілігімен 9 а сыныптың оқушылары ұйымдастырып, әр ұлттардың салт-дәстүрлерімен таныстырып шықты. Іс-шара барысында әр ұлт өздерін «Достық» атты бір шаңырақ астында шоғырланған мереке аясында ән айтып, би билеп, дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. Мерекелік іс-шара өте қызықты, тартымды өтті. Мектеп кітапханашылары Косинова Г.Н. және Тұрлыбаева Ж.Б. мектеп кітапханасында «1 мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлігі күні» атты көрме ұйымдастырды. Біздің тәуелсіз Қазақстанымыз – көп ұлтты ел. Біздің елімізде достығымыздың, татулығымыздың, бірлігіміздің арқасында 100-ден астам ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Еліміздегі өзге мемлекеттер қызыға қарайтын мамыражай тыныштық, өзара достық қарым-қатынас- ынтымақтастың жемісі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1 Мамыр – Қазақстан халқының Бірлігі күні болып белгіленді. Бұл мерекені еліміздегі әрбір ұлт өкілдері өзінің ең қуанышты мейрамы деп біледі. Осы мереке қарсаңында оқушылармен мерекенің маңыздылығы мен еліне, жеріне сый тартқан көктемде пайда болған тағы бір тамаша мерекенің тойлануы туралы кездесу өткізді. Мерекелік іс-шара барысында бүлдіршіндер бейбітшілік, достық туралы өлеңдер оқыды, ел бірлігі туралы қойылым көрсетілді, әр түрлі тілде әндер айтылып, билер биленді. «Береке басы – бірлік», дейді қазақ. Ал, береке-бірлігі жарасқан елдің туы биік, болашағы жарқын болатынын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.