«Бір күн әскер қатарында»
И.П.Шухов атындағы жалпы білім беру мектеп-гимназиясында «Бір күн әскер қатарында» атты әскери-патриоттық ойыны бойынша жоспар құрылды. Жоғары сынып оқушыларының ұйымдастырумен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында мектебімізде салтанатты линейка өткізілді. 5-11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы бейнеролик көрсетілді. Патриоттық сезімін ояту мақсатында осындай іс-шаралардың жиі өтуі орынды болып табылады. Осындай іс-шаралар барысында ҰОС , Ауған соғысы ардагерлерін шақырып, оның біздің болашақ ұрпағымызға үлгі тұтарлық екені абзал. Олардың өмірі толығымен Отанын, жерін , халқын қорғауына арналғандығы туралы бәрімізге мәлім. Жыл сайынғы осындай іс-шаралардың өтуі оқушыларымыздың санасына үлкен әсер тиетіні айдан анық. Болашақта олардың арасынан осындай азаматтар шығатына кәміл сенімдіміз. Біздің көптеген оқушыларымыз осы сала жағына жақынырақ болып келеді. 5-8 сынып оқушылары «Бір күн әскер қатарында» атты әскери-патриоттық ойыны сайысына қатысты. Олардың жетекшіліг ретінде жоғары 10-11 сынып оқушылары тағайындалды. Әр команданың дайындығы мен сапасына осы жоғары сынып оқушылары жауапты. Мерекелік іс шара осы сынып оқушыларының сап құрып өтуімен аяқталды.