Бітіру
И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 25 мамыры мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Биылғы оқу жылы 29 түлек мектепті аяқтады. Жиынға 1, 10-11-сынып оқушылары, оқушылардың ата-аналары және мектеп ұжымы қатысты. Жиында барлық қатысушыларды оқу жылының аяқталуымен мектеп директоры құттықтап, барлық жақсылықты тіледі. Салтанатты жиынға аудан әкімі қатысты, ол үлкен естелік сыйлығымен теледидармен келді және түлектерге өз жүрекжарды тілегін білдіріп, қорытынды аттестаттауда және ҰБТ-де сәттілік тіледі. Ары қарай түлектерді олардың сынып жетекшілері Каир Г.А. және Ямщикова А.А., алғашқы мұғалімдері Ковтун Ю.А. және Мыльникова Н.В. құттықтады. Сонымен қатар ата-аналары. Келесі болып түлектердің өздері ата-аналарымен, мұғалімдеріне алғыстарын білдірді. Өз мұғалімдеріне гүл шоқтарын сыйлады. Мектеп түлектері мектеп туралы әндер айтты, қоштасу мектеп вальсі ұйымдастырылды. Жиын оқу үздіктері Берникова Вероника мен Такбаева Нұргүлдің дәстүрлі қоңыраумен аяқталды.