Ұмытылмас демалыс
Күз. Көптеген ақын-жазушылардың жырларына арқау болған тамаша уақыт. Ашық түстерге боялған ағаштар, бесіктегі сәбиді әлдилеткендей, жапырақтарын самал желдің екпіні сәл тербетеді. Кейбір күндер жаздың күндеріндей жылуға толы болады. Осындай күндері жаздың ыстық, көк аспандағы күннің ерекше жарқыраған, сәулесі барша әлемді, табиғатты сәулесімен жылулыққа бөлеген күндер еріксіз ойға оралады. Мұндай сәттер көңілге өзгеше көңіл-күй, қуаныш сыйлайды. Тек суық және өткір желдің ызғары аулада қыркүйек айы екенін еске түсіреді...
Мектеп оқушыларының жазғы демалыста болуына қарамастан, олар жыл сайын жетекшілерімен бірге саяхатқа барады. Біздің мектепте бұл игі дәстүр жыл сайын өз жалғасын табады, яғни оқу жылының аяқталуына орай балалармен бірге табиғат аясына шығу. Бұл демалуға, жаңа нәрсені танып-білуге, өзгеше әсер алуға тамаша мүмкіндік. Оқушылар қоршаған ортамен, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүруге, туған өлкенің сұлулығын сақтауға, ұжымда қарым-қатынас жасауға үйренуге, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері туралы білімдерін кеңейтуге тиіс.
Ағымдағы жылдың 21 маусым күні таңғы сағат 9.00-де 5 "Б" сынып топ жетекшісі, алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы-оқытушы Косинов Юрий Викторович және дене шынықтыру мұғалімі Макушев Ербол Бірлікұлымен бірге саяхатқа шықты. Саяхат бағыты Казанка ауылына дейін жатты.
Саяхат қызықты басталды... Өз жолымызда бармаштарды аулаған адамдарды көрдік және топтың кейбір қатысушылары тіпті оларды ұстауға тырысып бақты. «Пятное» көлінің жанында балалар кішкентай итті тауып алды және оны Палатка деп атады. Жол бойына әзілдескен ән салған, көңілді әңгімелер айтқан оқушылар демалуға арналған орынға да жетті. Әсіресе, ұзақ уақыт өткеннен кейін шаршаған балалар өз сөмкелеріндегі азық алып, аналарының жолға деп салып берген шырындары, жеміс-жидектері, т.б. тағамдары табиғат аясында демалуға жақсы демеу! Сонымен қатар олар, шаршағандарына қарамастан, "Чехарда", "Казактар-қарақшылар", "Лапта", т.б. түрлі ойындар ойнап, орман ішіндегі жолдармен жүгіріп, сыныптастарымен әңгіме-дүкен жүргізді. Саяхатта дәстүрлі спорттық эстафета да тыс қалған жоқ. Балалар уақытты көңілді өткізді. Ал содан кейін қас қарайғанға дейін Ю. В. Косиновтың өмірі жайлы әңгімелерін тыңдады.
Ақырында, мақсатқа қол жеткізілді, топ Казанка ауылына жетті. Алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы Науменко Николай Васильевич келген қонақтарға қонақжайлылық танытып, қуана қарсы алды. Ол балаларға ауылды көрсетіп, мектеп ішінде экскурсия өткізді, аға тәлімгер Крапива Ксения Викторовна мектеп мұражайына саяхат жүргізді..Оқушылар үшін қабылданған барлық ақпарат қолжетімді және қызықты болды. Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлерді еске алды. Барлық шарадан соң топ мүшелерін "Атамекен-Агро" асханасында дәмді палаумен тамақтандырды. Балалар дәмді палауды бірінші рет жегендей сезімде болды.
Келесі күні, яғни 22 маусымда сағат 19.00-де балалар үйлеріне шаршап келді, бірақ бақытты! Бұл саяхат ауыр болса да, өйткені оқушылар осындай үлкен қашықтыққа бірінші рет жаяу жүрді, бірақ өте қызықты болды және жақсы әсер қалдырды. Балалардың жанарларындағы ұшқын, жүздеріндегі көптеген эмоциялар - бұл жетекшінің қуанышы, бұл саяхат сәтті өтті!