Отбасы күні
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Күздің бірінші айының екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні тойланады. Отбасы — бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Негізге алып отырған мақсатымыз – отбасындағы ата – ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру, ұстаз бен ата-ана, бала арасындағы байланысты күшейту. Дәстүр бойынша, ең алдымен, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында аталмыш күн қарсаңында мектепте көптеген іс-шаралар жүргізіледі. 16 қыркүйекте И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында 10а сынып оқушыларының қатысуымен "Отбасы – Бақыт мекені" атты мектепішілік линейка өткізілді. Отбасы – адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқа сүйер алтын діңгегі екенін, Қазақстан қоғамында отбасының мәртебелік мәні қашанда терең екенін көрсетеді. Өйткені, «Мәңгілік Елдің» іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы – өрелі ұрпақ, ұлағатты отбасы екені ақиқат.