И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясының денсаулық күні қарсаңында өткізілген іс-шара бойынша ақпарат
2019 жылдың қыркүйек айында И.П.Шухов атындағы Преснов жалпы орта білім беру мектеп-гимназиясында жыл сайын өткізілетін денсаулық күні мерекесі қарсаңында «Өз денсаулығынды шыңда!» атты бағдарлама негізінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. 5-8 сыныптар аралығында, 9-11 сынып оқушылары арасында футбол ойыны өткізілді. Төрешілер Суюндиков А.А. және Сагитов Е.Б. ең алғыр деген ойыншыларды атап өтті. 1-4 сынып оқушыларымен бірге Муфтяхетдинов Р.Р., Макушев Е.Б. жетекшілігімен қызықты спорт ойын түрлері ұйымдастырылды. Денсаулық фестивалінде алғыр да тапқыр оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Сонымен қатар, оқушылармен «Дені саудың – жаны сау» тақырып төңірегінде өзара пікір алмасты. Елімізде, өз өңірімізде атағы шығып жүрген жерлес спортшылар туралы, олардың денсаулық күтімі жайлы дөңгелек үстел болып әңгіме өткізілді.
Барлық іс-шаралар жақсы деңгейде өтіп, оқушылардың спортқа деген көзқарастарының оңтайлы жақтарын көріп қайттық. Белсенді оқушыларды алғыс хаттармен марапатталды.